Келісім Алматы қаласында 2013 жылғы қарашада ресми түрде ашылған Солтүстік және Орталық Азияға арналған Субөңірлік бөлімшенің жұмысын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
Осы Келісім транзиттік сауда, су және энергетика салаларындағы біріккен жобалар бойынша Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымымен Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясымен ықпалдастығын нығайта түседі, сондай-ақ Қазақстан тарапына Бөлімшенің жұмысына және кейбір бағдарламаларды іске асыруға бөлінетін ерікті жарна бойынша Бөлімшеден жыл сайын есеп алуға мүмкіндік береді.
Заң жобасы Палата қарауына жіберілді.